Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шойғу Орталық азияға ескерту жасады, неге?

12:02, 01 наурыз 2024 309

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойғу алқа мәжілісінде Орталық Азиядағы үкіметтік емес ұйымдар "Ресейге қарсы әрекеттерін айтарлықтай арттырғанын" және "алдын алу шаралары қабылданып жатқанын" айтты. Осылайша Шойғу Орталық Азияға ескерту жасағандай болған, - деп жазады alash.kz сайты даланевске сілтеп. 

"Аймақта (Орталық Азияда) 100-дей батысшыл үкіметтік емес ұйым жұмыс істеп тұр. Олардың 16 мың бөлімшелері мен өкілдіктері бар. Арнайы әскери операция кезінде бұл үкіметтік емес ұйымдар антиресейлік Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының әскери-техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын азайту мақсатында Ресейге қарсы (антиресейлік) әрекеттерін айтарлықтай арттырды.

Біз қажет шараларды белсенді қолдана бастаймыз", - дейді Шойғу. 

Бірақ Шойғу қандай шаралар қабылданатынын нақтыламаған. 

Бұған дейін Сергей Шойғу Орталық Азиядағы стратегиялық бағыттағы жағдай күрделі екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл аймаққа Ауғанстан жақтан қауіп төніп тұр.

"Соңғы бір жылда "Ислам мемлекеті" содырларының саны 15 пайызға өскен. Олардың басты мақсаты – ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекараларында радикалды идеология мен диверсиялық әрекеттерді тарату", - деп топшылаған Шойғу.

Сонымен қатар, Сергей Шойғу биыл Орталық әскери округте негізгі күш аймақ елдеріндегі дағдарысты жағдайларды реттеуге және Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумақтарында өтетін жеті оқу-жаттығуға қатысуға бағытталатынын хабарлады. Әскерлерді оқытудың нәтижесі ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің "Өзара іс-қимыл-2024" оқу-жаттығуы болады, оған бес мемлекеттің әскери контингенттері қатысады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар