Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шындыққа жанаспайды": Үкімет утиль алымнан бас тарту туралы петицияға қатысты шешім шығарды

18:46, 15 шілде 2024 746

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда утильалымды алып тастау туралы петицияға қатысты алдын ала шешім шықты, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz сайтына сілтеп.

Тиісті ведомство өкілдері петиция авторларының уәждерін шындыққа жанаспайды деп шешкен.

"Өтініш авторының айтқаны шындыққа сәйкес келмейтінін, сондай-ақ қоғамдық талқылау кезінде басқа уәж келтірілмегенін ескере отырып, утильалымды алып тастаудан бас тарту ұсынылды", - деді Индустрия және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев.

Петиция бастамашысы Санжар Боқаев Қазақстан баспасөз клубында сағат 15.00-ге белгіленген баспасөз мәслихаты болғандықтан, қоғамдық талқылауға қатысқан жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар