Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы ұсталды

15:00, 14 шілде 2024 651

Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Бұл жөнінде Астана полициясына сүйенген Tengrinews агенттігі хабарлады.

Әйтеновке "отбасындағы заңға қайшы әрекетіне қатысты" әкімшілік іс қозғалып, іс сотқа жіберілген. Ақпарат агенттігінің жазуынша, күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс басталды.

12 шілдеде Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова Instagram парақшасында өзін және балаларын үйден күштеп шығарып жатқаны жөнінде видео жариялаған болатын. Онда бір ер адамның әйелді шашынан сүйреп, сыртқа шығарғаны көрінеді. Видеоны түсіріп тұрған қыз бала жан ұшырып көмек сұрайды, алайда жан жағындағы ер адамдар, полиция үндемей қарап тұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар