Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттің бас дәрігері жемқорлыққа байланысты шағым айтқан тұрғынды сотқа берді

09:33, 11 мамыр 2024 659

Шымкенттің бас дәрігері өзіне жала жабылғанын, медициналық мекемеге қатысты жемқорлық дерегінің қисынсыз екендігін мәлімдеді. Дәрігердің хабарлауынша,  қала тұрғыны әлеуметтік желіде медициналық мекемеде емдеу шарасы дұрыс жүргізілмей отырғанын айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы otyrar.kz порталына сілтеме көрсете отырып. 

Қала тұрғыны өз сөзінде олқылыққа басқарма басшысының көз жұма қарайтынын да айтқан. Бұл дерек дәлелденбегендіктен, Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков құзырлы органдарға шағым түсірген.

"Интернетте бір тұрғын шағымданған. Біздің бір медмекемеде "дұрыс қызмет көрсетпеді. Оны мен жауып отырмын" деген сияқты сөз айтты. Жемқорлықпен байланыстырып айтты. Дәрігерлер алды деген. Бірақ олай болмаған. Біздің қызметтік ар-ожданға нұқсан келтіреді. Сондықтан полицияға шағымымды білдірдім", - деді Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар