Шымкентте шала туған сәбиін қорапқа салып кеткен ана ұсталды.Бұл туралы Отырар порталы жазды.
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.
"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.