Шымкент қаласының ортасында орналасқан Фосфор зауытында алапат өрт болғаны айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Журналист Нұрбек Бекбау бұл жайлы әлеуметтік желіде жазды:
Шымкент қаласының қақ ортасындағы Фосфор зауытта өрт болғаны неге айтылмаған? Мынау аса қауіпті апат қой?! Қалаға сасық иіс, ауыр түтін тарап жатыр. Демалу қиын,-деп ағайындар хабарласып жатыр. Мынадай апат болған бетте, Халыққа ескертпе жасалып, дабыл қағылуы керек қой?! - деді автор.