Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

10:16, 07 шілде 2024 429

6 шілде күні Шымкенттегі көпқабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. 3-қабаттан құлаған бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылғаны хабарланды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Оқиға Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Ол үшін:

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;

- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;

- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар