Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шімірікпей, халықты алдайтын блогерлер, әртістердің заманы жүріп тұрған сияқты»: Мейірман Шекеев өткір пікір білдірді (ВИДЕО)

19:20, 09 шілде 2026

Заңгер Мейірман Шекеев қоғамда үлкен талқылау тудырған блогерлер мен өнер адамдарының Құрылтайүа үміткерлігіне байланысты әлеуметтік желіде өткір сыни пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

Заңгер қазіргі уақытта өздерін заң саласының білгірі ретінде көрсетіп, көпшіліктің басын қатыратын әртістер мен блогерлердің шамадан тыс белсенділігі артып кеткенін алға тартты. Ол өзінің Instagram парақшасында бұл жағдайға қатысты:

«Мен заңдарды білемін деп шімірікпей халықты алдайтын блогерлер, әртістердің заманы жүріп жатқан сияқты ғой», – деді.

Шекеев өз сөзінде нақты мысалдар келтіріп, бір блогердің кәсіби заңгерлерге тиісіп сөйлегенін, ал тағы бір өнер өкілінің заңдардың бәрін оқып шыққанын айтып, тіпті заңгерлер үшін заң шығарып беруге дайын екенін меңзегенін жеткізді. Осы орайда заңгер мұндай жағдайда арнайы білім алған мамандардың еңбегі мен дипломдарының құны мүлде жоғалатынын айтып, ренішін білдірді.

Ресми мәлімдемесінде ол:

«Бір жан өзі бар болғаны әртіс-блогер болғанына қарамастан, заңгерлерге тиістіріп аузын ашып жатса, екінші әртіс заңның бәрін оқыдым деп, заңгерлерге ертең заң шығарып бермек ниетті. Сонда заңгерлер мамандығы не үшін керек? Бәріміз дипломдарымызды тастап, әртіс болайық да», – деп кесіп айтты.

Осы мәселелерді ортаға сала келе, Мейірман Шекеев ел алдында жүрген танымал тұлғаларды ашық пікірсайысқа шақыратынын жариялады. Ол бұл қадамын:

«Блогер Жанды да, Аша Матайды да бірге қоса жекпе-жек дебатқа шақырамын! Қолдайсыздар ма?», – деген сөздермен түйіндеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар