Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелге кететінін мәлімдеп, ойын ашық айтқан Ермұхаммед Мәулен футболдағы қызметінен кетті

13:00, 25 маусым 2025 170

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхаммед Мәулен қызметтен кетті, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы.

"Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінен өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл жұмысты жалғастырудың енді мағынасы жоқ деп ойлаймын. Өз-өзіңді іштей жеп, жүйкеңе зиян келтіруді доғару керек. Кей сәттерде айтуға тиіс болған ойларымды ашық жеткізе алмаған кездерім көп болды. Енді өз пікірімді жасырмай, анық әрі нақты жеткізгім келеді. Қазақстан құрамасының жанкүйері болып қала беретініме күмән жоқ. Менсіз де футбол өмір сүруін жалғастыра береді. Әрі қарай өздеріңіз...", — деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, қазақстандық спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен шетелге кететінін мәлімдеген еді. Бұл туралы ол FonTeam подкастында айтып берді.

Комментатордың сөзінше, бұл шешімге себеп — жоғары жақтан жасалған қысым.

«Иә, маған шынымен қоңырау шалды. Тек қоңырау емес, нақты ескерту де жасалды. Жасыратын ештеңе жоқ. Қоңыраулар жоғарғы кеңселерден келді. Ашық түрде тоқтау қажет екенін білдірді. Мен түсіндім. Екі аптадай үнсіз жүремін. Барлығы жақсы», - дейді Ермұхамед Мәулен.

Ол бұл жағдайдың өзіне психологиялық тұрғыдан әсер еткенін айтып, жақын арада Еуропаға көшетінін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар