Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелдіктердің заңсыз жұмыс істеуіне қазақстандықтар көмектеседі – ІІМ

09:57, 27 ақпан 2023 311
 


Қазақстанда шетелдіктердің заңсыз жұмыс істеуіне тұрғындар көмектеседі. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

20 ақпаннан бастап Ішкі істер министрлігі «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Полиция шетелдіктер тұратын үйлерді, құрылыс объектілерін, базарларды, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерген.
 

Нәтижесінде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзудың 6 836 дерегі анықталды. Оның ішінде 1 814 шетелдіктің мемлекетте болу тәртібін бұзуы, 1 886 шетелдіктің заңсыз жұмыс істегені, 356 заңсыз жұмыс күшін пайдалану дерегі анықталды. Полиция олардың келуі туралы хабарламаны уақтылы жолдамаған 2 727 жеке және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.

 

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 514 шетелдік (130-сы мәжбүрлі түрде) Қазақстаннан шығарылды. Оларға 5 жылға дейін елге келуге тыйым салынды.

Шетелдіктер жасаған құқықбұзушылықты талдау барысында олардың елге заңды түрде кіретіні анықталды.
 

Алайда кейбір жағдайларда олар көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарынан табылды және оған Қазақстан азаматтары көмектеседі, - деді ІІМ өкілі.

 

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, заңбұзушылықтардың едәуір бөлігі шетелдіктерді рұқсат құжаттарын алмай жұмысқа тартумен байланысты болып отыр.
 

Мысалы, Алматы, Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз еңбек еткен 95 шетелдік анықталды. Құрылыста шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдалану фактісі Астана, Шымкент қалаларында, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында да анықталды. Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілері жауапқа тартылды, - деді ол.

 

Сондай-ақ Атырау облысында шетелдік жұмыс күшін бірнеше рет заңсыз тартқан жұмыс беруші анықталды.

«Оған Қылмыстық кодекстің 95-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек, заңды тұлғалардың шетелдіктерді елге түсініксіз мақсатта шақыратыны және болашақта олардың уақтылы елден кетуі бойынша іс-шара қабылдамайтыны белгілі болды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында Нигерияның 2 азаматы және Түркияның 7 азаматы анықталды. Олар елде болу мерзімдерін бұзған. Істің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар