Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шетелде қашып жүр": Германияда азаптап өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның енесі туралы тың дерек

21:17, 07 қазан 2024 776

Кісі қолынан көз жұмған Сайлыбаеваның енесі қайда жүргені анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ. Бұл туралы Германия прокуратурасы мәлімдеген.

«Тергеу амалдары жалғасып жатыр және қосымша айғақтарға талдау жасау қажет. Бұл ретте, қазір тергеу аяқталмайды. Сонымен қатар, қамауға алынған күдіктілер жоқ. Марқұмның (А. Сайлыбаеваның) енесі қазір шетелде болуы мүмкін деген мәлімет бар. Күйеуі мен баласының қайда жүргенін анықтау тергеу амалдарында қарастырылмаған, сондықтан біз бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат бере алмаймыз», - деп атап өтілген прокуратура өкілі Йенс Нойбауэрдің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Естеріңізде болса, азаптап өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын. 

Бұрынғы судьяның жоғалғанын оның інісі Қанат Сайлыбаев хабарлаған еді. 

Артынша неміс полициясы ҚР азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне түсінік берді.

Бұған дейін 40 жастағы А.Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, соңғы уақытта Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.

4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды.

Немістің BILD басылымының хабарлауынша, әйелдің мәйіті полиэтилен қапқа салынған, өлім алдында азап көрген. Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды. 

А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаева Алматыда арулап жерленді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар