Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетел азаматтары Қазақстанда жұмыс істеп, өз еліне триллион теңге аударып отырған. Қандай жұмыс?

09:56, 21 қаңтар 2025 749

Орталық Азияның үш елінің азаматтары Қазақстанда үш жыл ішінде 136 млрд теңге табыс тауып, өз еліне триллион теңге аударған, деп хабарлайды Alash.kz Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап. 

Аудиторларда бақыланбайтын экономиканы айқындау әдістемелеріне қатысты да сұрақтар туындады. Мысалы, қолма-қол ақшасыз айналым коэффициенті қолданылады. Бұл – жеке тұлғалардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерінің ЖІӨ-ге қатынасы. Мұндай төлемдердің үлесі жыл сайын өсіп келеді, бұл көлеңкелі экономика деңгейін автоматты түрде «төмендетеді». Сондықтан бұл коэффициенттің орындылығы күмән тудырады. 

Сондай-ақ есептеу санаттарының бірі бойынша тұрғын үйді жалға алу саласын да қамтитын «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» және «Өнер, ойын-сауық және демалыс» жіктеуіштері есепке алынбайды. Ал басқа санатта шағын сауда кәсіпорындары жөніндегі деректер тұтас емес, іріктеме әдіс арқылы жинала бастады, бұл бақыланбайтын экономиканы қамтудың төмендеуіне әкелді. 

Жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік аудит көлеңкелі айналымға бейім тұрған тәуекелі жоғары бірқатар сала мен бағытты анықтады.

Мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Орталық Азияның үш елінің азаматтары Қазақстанда үш жыл ішінде 136 млрд теңге табыс тапқан. Алайда Ұлттық Банктің ақпараты бойынша осы уақыт ішінде олар өз елдеріне жалпы 1 трлн теңге аударған.

Яғни, «көлеңкелі» тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер болу ықтималдығы жоғары. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар