Павлодардағы құлаған ғимарат астынан ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесі бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.ер адамның жатқан орнын анықтаған, деп Аlash.kz.
Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған:
"Таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан шығарып алды", – делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.
Алдын ала ақпарат бойынша, үйіндінің астында 1967 жылы туған ер адам қалуы мүмкін.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жылуіздегішпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараты және ТЖД кинологтар бригадасы жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршып, барлау және іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жағдайды облыс әкімі Асайын Байханов пен Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков жеке бақылауға алды.
Аталған оқиға бойынша полиция «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша Қылмыстық кодекске сәйкес іс қозғады.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.