Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, 54 адам зардап шекті

18:50, 08 қараша 2025 195

Джакартадағы мешітте жұма намаз кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Аlash.kz.

Индонезия астанасындағы мешіттердің бірінде жарылыс болып, кемінде 54 адам зардап шекті. Бомба жамағаттың жұма намазына жиналған сәтінде іске қосылып, жарылған.

Жарылыс әскери-теңіз күштерінің гарнизоны аумағындағы мемлекет мектебіне тиесілі мешітте болған деп хабарланды.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген, арасында оқушылар да бар. Кейбірі жеңіл жарақат алса, енді бірін күйік шалған. Қазір оқиға орны толық қоршауға алынып, тергеушілер мен саперлер жарылыстың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар