Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, өнерден уақытша қол үзген әнші Кәмшат Жолдыбаева туралы сөз етті, – деп жазды Alash.kz порталы.
Белгілі өнер адамы жеке шығармашылық кеші жайлы жеткізіп, кешінде өнер көрсету үшін Кәмшат Жолдыбаеваны шақырғанын айття.
Алайда әнші қазір декреттік демалыста отырғанын, сахнаға жақын арада шыға алмайтын мәлімдеген.
«Кәмшатпен жақында ғана сөйлестім. Оның менің концертімде өнер көрсеткенін қатты қалаған едім. Оған ұсыныс жасадым, бірақ ол қазір ана. Ол «Сахнаға шыққым келеді, бірақ сәбиімді қалдыратын ешкім жоқ» деді. Оның сәбиі әлі кішкентай. Өзі сияқты сұп-сұлу қызы бар. Біз негізі Кәмшатпен де, жалпы бәрімен байланыстамыз. Кәмшат үшін қазір осындай кезең болып тұр. Менің ойымша, ол бәрібір сахнаға оралады, оған тек уақыт керек», – деді продюсер.