Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

30 жыл бойы көңіл бөлмедім": Трамп Орталық Азия елдеріне енді “жіті көңіл” бөлетінін жеткізді

13:16, 08 қараша 2025 219

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка, Қазақстан және Орталық Азия елдері басшыларымен кездесті.  Америка мен Орталық Азия елдерінің арасында «жаңа тамаша қарым-қатынастар» басталғанын мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.


Трамп мұны 7 қараша Вашингтонда өткен C5+1 саммитінің қорытындысы ретінде Truth әлеуметтік желісінде жазды.

Желіде Трамп Орталық Азия елдері басшыларымен өткен кездесуден кейінгі әсерін бөлісіп, мұндай қадамның өзі үшін “үлкен мәртебе” болғанын жазған.

“Кеше мен үшін Ақ үйде бес тамаша ел президенттерінің қатысуымен саммит өткізу үлкен мәртебе болды. Қазақстаннан – Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстаннан – Шавкат Мирзиёев, Тәжікстаннан – Эмомали Рахмон, Қырғызстаннан – Садыр Жапаров және Түрікменстаннан – Сердар Бердымұхамедов келді”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар Трамп соңғы 30 жылда стратегиялық маңызы зор аймақтың назардан қалыс қалғанын айтты. Сондай-ақ табиғи және адами ресурстарға бай бұл аймақтарға жеткілікті көңіл бөлмегенін жеткізді.

Алда АҚШ президенті “бұл аймақтарға толықтай көңіл бөлуге ниетті”.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар