Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арасында Дастан Сәтпаев пен Аида Әбікеева да бар» - «Дарын» жастар сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды

18:23, 07 қараша 2025 168

Қазақстан жастары арасындағы ең беделді марапаттардың бірі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында әлем чемпионы Аида Әбікеева мен жас футболшы Дастан Сәтпаев бар, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл жылы байқауға 300-ге жуық жас қатысып, олардың 294-інің еңбегі арнайы комиссияда талқыланған. Қатысушылар «Ғылым», «Өнер», «Журналистика», «Әдебиет», «Қоғамдық қызмет», «Классикалық музыка», «Эстрада», «Театр және кино», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Спорт» секілді он бағыт бойынша бақ сынады.

Құрамында депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және медиа өкілдері бар 37 мүшеден құралған комиссия үздіктерді анықтады.

Спорт саласы бойынша марапатқа әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева, ал ерлер арасында «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лайық деп танылды.

Аида Әбікеева биыл Англияда өткен World Boxing турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің үздік боксшылары қатарына қайта енді. Ал 17 жастағы Дастан Сәтпаев ел чемпионатында өз клубымен бірге жеңімпаз атанып, Чемпиондар лигасында командасының келесі кезеңге өтуіне айтарлықтай үлес қосты.

Айта кетсек, «Дарын» сыйлығы 1992 жылы жастардың ғылым, өнер, спорт және қоғам өміріндегі жетістіктерін мемлекеттік деңгейде ынталандыру мақсатында тағайындалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар