Атырау облысында із-түссіз кеткен 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева Ақтөбе қаласынан табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Полицияның мәліметінше, жасөспірім 24 қазан күні Құлсары қаласындағы үйінен түнгі сағат 22:00 шамасында шығып кеткен. Ал 29 қазанда оны Атырау автовокзалынан танысы күтіп алған.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыз Ақтөбеден табылып, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екені анықталды.
Қазір бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.