Алматыдағы №29 балабақшада тарақандардың қаптап кеткені жайлы хабарланды, деп жазды Аlash.kz.
Желіде тараған видеода асханада тарақандардың қаптап, жәндіктердің плита, қабырға мен еденде өріп жүргені таспаланған.
Ата-аналардың айтуына қарағанда, балаларға бұзылған тамақ беріліп келген. Ас ботқасының ішінен тірі жәндіктер шыққан.
Сонымен қатар ата-аналар асханада азық-түлік ұрлығы басталғанын жеткізді.
Білім басқармасының мәліметінше, балабақшада дезинфекция жұмыстары жиі жүргізіледі. Жәндіктердің көбеюіне жақын маңдағы қоқыс контейнерлері себеп болуы мүмкін дейді.
Қазір балабақшада тексеріс жүргізіліп жатыр деп хабарланды.