Сирияның уақытша президенті Ахмад аш-Шараа мен елдің ішкі істер министрі Анас Хасан Хаттаб террористер тізімінен шықты, деп хабарлайды Аlash.kz.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті 7 қараша күні жариялады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің АҚШ жобасын қабылдаған қарары «Сирияның жаңа тарауға көшкенін растайтын күшті саяси белгі болды», - делінген мәлімдемеде.
- Президент аш-Шараа бастаған жаңа Сирия үкіметі жоғалған америкалықтарды іздеуге, терроризм мен есірткіге қарсы күрес жөніндегі міндеттемелерін орындауға, химиялық қару қалдықтарын жоюға және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты, сондай-ақ Сирия басқаратын және Сирияға тиесілі инклюзивті саяси процесті ілгерілетуге бар күшін салуда, - деді Мемлекеттік департамент.
10 қарашада Сирияның уақытша президенті Вашингтонға алғашқы сапарын жоспарлап отыр.
Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирия президенті мен ішкі істер министріне қарсы санкцияларды алып тастады.