Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы көшенің қақ ортасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

17:33, 08 қараша 2025 48

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Аlash.kz.

Жолдың қақ ортасында тұрғанда жарақат алған тәртіп сақшысы қазір ауруханада жатыр

Оқиға күндізгі сағат үш шамасында, Желтоқсан мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған.

«Тойота» маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам кенеттен ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қаққан.  Жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалғаны айтылды.

Жүргізуші ұсталған жоқ. Ол түсініктеме бергеннен кейін бірден босатылды. Апатқа байланысты әкімшілік іс қозғалып, тергеу басталды.

«Toyota жүргізушісі Желтоқсан даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылған кезде қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Жол апаты салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды», - деп түсініктеме берді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар