Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жабылмай қалған шұңғырға құлап кеткен алты жастағы бала өліміне қатысты сот үкімі шықты

08:30, 08 қараша 2025 105

Шымкентте алты жасар баланың қайғылы қазасы бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы Alash.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Қайғылы оқиға сәуір айында болды. Алты жасар Айдын Сәуірбай кешкі серуенге шығып, жоғалып кетіп, денесі ағынды суға толы шұңқырдан табылған. Ал шұңқыр құбыр жарылған кезде қазылып, сол күйі жабылмай, ашық қалып кеткен Уақыт өте келе шұңқырға су жиналып қалған. Бала шұңқырға құлап, шыға алмай, суға батып көз жұмған.

Нәтижесінде сот жұмысты жүргізген құрылыс компаниясының басшысын кінәлі деп тапты. 44 жастағы ер адам құрылыс ережелерін бұзып, өлімге әкелгені үшін сотталды.

Мердігердің басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, рақымшылық бойынша жаза мерзімі он сегіз айға дейін қысқартылды. Оған үш жылға құрылыспен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Ол қайтыс болған баланың ата-анасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. 

"Біз сот заңды және негізді шешім шығарды деп санаймыз. Бұл мысал барлық құрылыс компанияларының басшыларына сабақ болуы тиіс. Біз сот шешімімен келісеміз, себебі клиентім Асқар Мыржанның азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды. Ол апелляциялық шағым түсірмейді", – деді жәбірленушінің адвокаты Шынар Ермекова.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 6 жасар бала ашық жатқан шұңқырға құлап қаза тапқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар