Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Игілігіңізге тағыңыз”: Мұқасан уәдесінде тұрып, Мақпал Жүнісоваға ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО)

13:51, 07 қараша 2025 174

Белгілі әнші Мұқасан Шахзадаев Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында бұл сәтпен бөлісіп, видео жариялады.

«Луганского көшесі жабық, Достық Плазаның автотұрағында Мұқасаннан сыйлық алып жатырмын. Өзі уәде еткен еді. Алла разы болсын», – деп жазды әнші.

Бейнежазбада Мұқасан Шахзадаев әріптесіне түрлі түсті көзілдірік сыйлап жатқанын көруге болады. Әншінің айтуынша, ерекше аксессуарды ол арнайы АҚШ-тан тапсырыспен алдырған.

«Міне, Мақпал әпке! Сізге деген сыйлығымды әкелдім. Игілігіңізге тағыңыз», – деді Мұқасан Шахзадаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде Мұқасан Шахзадаевтың көзілдірігін тағып отырған видеосын жариялап, ерекше гаджет-көзілдірікке қызығып отырғанын айтқан болатын.

«Түркістанда тойда отырмыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті. Телефон секілді қуатталады екен», – деген еді ол.

Сол кезде Мұқасан Шахзадаев Халық әртісіне дәл сондай көзілдірік сыйлауға уәде берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар