Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шешеңе қарамаймын деп шу шығарып, пышақтап өлтірген". 83 жастағы кейуананы өлтірген әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды

10:11, 28 ақпан 2026

Қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында Жасқайрат ауылы елді мекенінде, Атырау облысы аумағында болған, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушының жұбайы төсекке таңылған 83 жастағы анасын үйіне көшіріп әкеліп, күтім жасауды ұйғарған. Алайда 39 жастағы келін бұл шешімге қарсы болып, отбасында жанжал туындаған.

Екі аптадан кейін күйеуі үйде жоқ кезде әйел адам дәрменсіз енесіне ас үй пышағымен шабуыл жасаған. Жәбірленушіге бас тұсынан шамамен бес рет пышақ сұққан. Қарт ана шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде айыпталушыда созылмалы психикалық дерт — параноидты шизофрения бар екені анықталған.

Сот шешімімен әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қарқынды бақылауы бар мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдауға жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар