Жиналған материалдардың барлығы прокурорға тапсырылды. Ол істі сотқа жіберуі керек, деп жазады Alash.KZ.
Тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізілді. 200-ге жуық куәгер сұралып, күдіктілердің айғақтары мен сегіз бейнежазба тексерілді. Қылмыстық істің көлемі 62 том болды.
Полиция мәліметінше, тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді.
— Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындысы, жауап алу хаттамасы және басқа да маңызды материалдар бар, - деп хабарлады департаменттен.