Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзат Полат соты: күдіктілер сотқа жеткізілді, журналистер залға сыймады (Видео)

12:40, 10 сәуір 2025 547

16 жастағы баланың өліміне қатысы бар 9 адам Талдықорған сотына жеткізілді, деп жазады Alash.KZ. 

 

Сот тыңдалымы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде ашық түрде өтеді.

Қорғаушы адвокаттар: Мейірман Шекеев, Әлім Мұстафаев, Бекзат Миязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева.

Қылмыстық іс материалдары 62 томнан тұрады. 200 куәгерден жауап алынды.

Қазірдің өзінде 50-ге жуық журналист сотқа қатысуға сұраныс білдірген. Сот залы шағын болғандықтан онлайн көру мүмкіндігі болады.

Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласында болғанымен, алғашқы сот процесі Жетісу жерінде өтпек. Жоғарғы сот өкілдері, отырыстың Талдықорғанда өтуіне себебін: айыпталған 9 адам осы қаладағы тергеу изоляторында уақытша қамауда деп түсіндірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар