Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке журналистер сұрақ қойды, деп жазады Alash.KZ.
«Әзірге, сотқа жолданатын нақты күнін атай алмаймын. Өйткені заң бойынша мұндай шешімдер әдетте 10 күн ішінде қабылданады. Бірақ істер күрделі болса, прокурордың мұндай шешімді бір ай ішінде қабылдауға мүмкіндігі бар», — деді ол.
Сонымен қатар ол күдіктілердің саны өзгеріссіз қалғанын нақтылады, осыған дейін жарияланған 11 адам бар.