Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзат ісі: полиция қай қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізуде?

10:09, 28 қазан 2024 427

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі депутаттық сауалға жауап бере отырып, Алматы облысында 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Қылмыстық істер келесі баптар бойынша қозғалған:

99-бап, 2-бөлім – "Адам өлтіру" (екінші бөлімнің 15 тармағы бар. Мұнда "кәмелетке толмаған адамды алдын ала біле тұра өлтіру" тармағы туралы сөз болып отыр);

293-бап, 3-бөлім – "Отты қару, пышақ, кастет және өзге де суық қаруды қолданып жасалған бұзақылық";

432-бап – "Қылмысты жасыру";

434-бап – "Қылмыс туралы хабарламау".

Алғашқы екі бап бойынша күдікті ретінде сегіз адам тергелуде, ал қылмысты жасыру және хабарламау баптары бойынша үш адам күдікке ілінді.

"Тергеу жалғасуда, оның ішінде қылмыс орнында да тергеу жүргізілуде. Жалпы елдегі қылмыстық жағдай қазіргі уақытта тұрақты," – делінген елдің Ішкі істер министрінің жауабында.

4 қазан күні Талғарда төбелес орын алып, оның салдарынан 16 жастағы Шерзат пышақ жарақатынан қайтыс болды, екі адам ауыр жарақат алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар