Енді «Қайрат» футболшыларына сырттан кез келген адам сыйлық бере алмайды, деп жазады Alash.KZ сайты клуб президентінің сөзіне сілтеме беріп.
Клуб президенті Қайрат Боранбаевтың айтуынша, жақында қақпашыларға берілген қымбат сыйлықтан кейін бұл мәселе бойынша ұжым ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
«Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, енді мұндай жағдайлар тек клубтың рұқсатымен және сол арқылы реттелуі керек деген шешім қабылдадық», - деді Боранбаев «Спорт Шрёдингера» басылымына.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкерлер «Қайраттың» қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған еді.