Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шектен шыққандық!: Зеленскийдің сұхбат барысындағы “өтірігі” ашылып қалды

08:22, 05 тамыз 2026

Қытайдың Sohu басылымы Украина президенті Владимир Зеленскийдің Украина Қарулы күштерінің (ҚК) шығындары туралы мәлімдемесін сынға алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Басылымның жазуынша, Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында төрт жарым жылға созылған соғыс барысында Украина Қарулы күштері небәрі 50 мың әскери қызметкерінен айырылғанын айтқан. Алайда мақала авторлары қақтығыстың қарқыны мен майдандағы ахуалды ескере отырып, бұл көрсеткіштің шындыққа жанаспайтынын алға тартады.

Sohu мәліметінше, алдыңғы шептегі жараланған сарбаздарды дер кезінде құтқару қиын, ал далалық медициналық көмектің шектеулі болуына байланысты көптеген әскери қызметкер көз жұмады. Осыған байланысты басылым Зеленский келтірген сандарды «статистика емес, насихат» деп бағалайды.

Мақала авторларының пікірінше, мұндай мәлімдемелер Украинадағы адам күші тапшылығын жасыру мақсатында айтылуы мүмкін. Егер шығын көлемі расында осынша аз болса, онда Киев жаңа сарбаздарды жұмылдыруға соншалықты күш салмас еді дейді олар.

Сондай-ақ басылым Зеленскийдің бұл мәлімдемесінің саяси астары болуы мүмкін екенін жазады. Авторлардың пікірінше, мәжбүрлі мобилизация мен хабар-ошарсыз кеткендер саны қоғамда наразылықтың күшеюіне себеп болған. Сондықтан билік майдандағы жағдайды Украина пайдасына өзгеріп жатқандай етіп көрсету арқылы соғысқа қарсы көңіл күйді бәсеңдетуге тырысады деген болжам айтылады.

Бұдан бөлек, мақалада мұндай ұстанымның шетелдік қолдауды сақтап қалуға да бағытталғаны айтылған. Алайда басылым мұндай әрекет тәуекелі жоғары екенін атап өтеді. Авторлардың пікірінше, егер халықаралық серіктестер ресми мәліметтердің шынайылығына күмән келтірсе, Украинаға қолдау көрсетуге деген дайындық төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, бұл – Қытайдың Sohu басылымында жарияланған пікір. Онда келтірілген тұжырымдар басылым авторларының көзқарасын білдіреді және тәуелсіз түрде расталмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар