Танымал әнші, «МузАРТ» тобының солисі Мейрамбек Беспаев өнердегі және өмірдегі жақын достарымен кездесіп, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі Кеңес Рақышев, Ренат Гайсин және Тоқтар Серіков сынды азаматтармен бас қосып, өткен күндерді еске алғандарын әрі алдағы жоспарларымен бөліскенін жеткізді. Мейрамбек Беспаев шынайы достықтың қадір-қасиетіне тоқталып, жақындарына деген риясыз алғысын білдірді.
Әнші өз жазбасында: «Бүгінгі күн ерекше күн болды. Ел ішінде есімі ерен аталып жүрген Кеңес досымыз басымызды қосып, өткен шақты еске алып,келер күнге жоспар жасадық. Дос деген сөз үш әріптен тұрғанмен жүгі ауыр алып ұғымғой. Осы достығымыз ғұмырлы болғай. Достықты бағалай білгеніңе шексіз ризамын Кеңес дос! Кеңес, Ренат,Тоқтар бүгінгі күнім сендермен өткеніне ризамын. Бақыт деген осы күннің бір бөлігі!», — деп ағынан жарылды.