Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шегіртке шеруі оңтүстіктегі диқандарды шығырға батырды

09:30, 13 маусым 2024 635

Түркістан облысындағы егін алқаптарын шегіртке басып, диқандар шаш-етектен шығынға батқаны хабарланды. Зиянкестен жапа шеккен жұрт өтемақы берілуін сұрайған. Әзірге шегірткемен өздері күресіп отыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Almaty.tv хабарлауынша, Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы Байтоғай ауылының тұрғыны Нұркен Сейсенбек биыл 6 гектар жерге қарбыз еккен. Диқан пайдаға кенелудің орнына шығынға батқан. Себебі 10 күннен бері жан-жақтың бәрін шегіртке басып, түйнек тастаған өскіннің түгі қалмапты. Екі гектар жердегі өнім өліп, қалған 4 гектары әлі де шегірткеге таланып жатқаны айтылды:      

– Кемінде 7-8 миллион теңге кетеді. Дәрісін және оны шашатын құрылғы алып жатырмыз. Биыл пайдадан шығын артып кетті, – деді шаруа Нұркен Сейсенбек.

Шаруалардың айтуынша, әр залалсыздандыруға кемі 200 мың теңге шығын кетеді. Ал әкімдік өкілдері жан-жақтан мамандарды жұмылдырып, шегірткеге ұшақпен у шашуға кіріскенін баяндады:

– 2023 жылмен салыстырғанда биыл болжам орталығының жоспары 3 еседей артық көрсетіліп отыр. Сол бойынша зиянкесті уладық, – деді аумақтық инспекция басшысының орынбасары Бектас Мұзаппаров

Айта кетейік, шегіртке Түркістан облысының Арыс қаласын ғана емес, Сарыағаш және Келес аудандарын да жайлаған. Биыл зиянкес былтырғыдан үш есеге көбейіпті. Мәселен, бір жыл бұрын 70 мың гектар алқап залалсыздандырылса, биыл бұл көрсеткіш 270 мың гектарға жеткен. Ал мамандар алаңдауға еш негіз жоқ дегенді ғана айтқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар