Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шатастырып жіберген болуы мүмкін»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек тың мәлімдеме жасады

19:58, 02 шілде 2026

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақстандық Жәнібек әлеуметтік желіде жаңа мәлімдеме жасап, өзінің туған анасын іздеу жұмыстарының әлі де жалғасып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жәнібек қазіргі уақытта бұл мәселемен ресми адвокат айналысып жатқандықтан, іздеу барысы туралы барлық ақпаратты ашып айта алмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол өз өміріне қатысты маңызды бір болжамды алға тартып, өзін перзентханада америкалық отбасы бауырына басқан өзге бір сәбимен ауыстырып алған болуы мүмкін екенін жариялады.

«Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын, өйткені бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр. Бірақ іздеуімізді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты», – деп жазды Жәнібек.

Жас жігіт бұл күдігінің анық-қанығын алдағы уақытта толығырақ баяндап беруге уәде берді.

«Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін», – деді ол өз сөзінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар