Дзюдодан Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов сөз астында қалды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz-ке cілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, бұл уағыз форматында айтылмаған.
"Білмеймін, бұл жерде ешқандай жаман сөз айтылмаған секілді. Уағыз форматында да айтылған дүние емес. Бұл менің басымнан өткен жайт, сол әсерді өзгелермен бөлістім. Арнайы адамдарды жинап, уағыз айту деген мақсат болған жоқ. Жақындарымның арасында, қуанышымды бөлісу мақсатында, жеңіске қалай жеттім, соны жеткізу мақсатында айтылған дүние еді. Бірақ оның бәрі жаман тәрбиеге шақыратын сөздер деп ойламаймын. Өзгелердің шашын, қасын бояп, құлағын тесіп жүргеніне қарағанда, осындай әңгіменің көп болғаны, оның тарағаны дұрыс деп ойлаймын", - деді Елдос Сметов.