Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шаршаған шығар..." - Продюсер "Келінжанға" Қылышбектің неге түспегені туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

13:33, 26 қыркүйек 2025 237

Көрерменнің көңілінен шыққан танымал “Келінжан” телехикаясының алтыншы маусымы басталғанда, басты кейіпкерлердің бірі – Қылышбек бейнесінің болмауы көпшілікті таңғалдырды. Жанкүйерлердің көкейінде “Неге сүйікті кейіпкер жоқ?” деген сұрақ туындады. Ақыры бұл жайттың себебін жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова ашық айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Продюсердің айтуынша, бесінші маусымнан кейін сериалды жалғастыруға қатысты үлкен күмән туған.

”Алтыншы маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр бесінші маусымды өзім үшін жапқанмын. “Болды, осымен қояйық” деп. Өйткені, өте қиын болды. Адами тұрғыдан сериалды жалғастыру мүмкін емес. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті”, – деді Гүлнұр Мамасарипова.

Оның сөзінше, жоба басталар алдында Қылышбекті сомдаған актер Рүстем Жаныамановпен байланыс орнатуға тырысқан.

“Басында жап-жақсы болып жүрген. "Иә, түсемін, апай!” деді. Кейін, бірнеше жоба болып тұр. Біздің түсірілім бір уақытқа келіп тұр. Мен бірнеше рет жаздым, "Иә, Рүстем! Не айтасың?" деп. Бірақ, сол күйі жауап болмады. Не істеймін, енді! Жалынамын ба? Әркімнің өзінің таңдауы ғой! Шаршаған шығар. Бұл сұрақтың жауабын көп адам күтіп отырғанын білемін. "Ондай болды, мынадай болды" деп айтқым келмейді. Менің ойымша, әркімнің өз таңдауы бар", – дейді продюсер.

Сонымен қатар, сериалдың түсіріліміне қатысты тағы бір қиындық – актерлердің гонорары.

- "Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да өте қиын. Тіпті актерлердің гонорары әр маусым сайын 10 есе өсіп отырды. “Келінжанның” бюджеті бірінші маусымдағыдан өзгерген жоқ. Халық сұрағасын түсірдік”, – деді Гүлнұр Мамасарипова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар