Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шаханов сегіз жыл бойы қаламақы алмаған»: Қалдаяқовтың келіні ақын туралы құпиямен бөлісті

14:21, 24 сәуір 2026

Танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова жақында ғана өмірден өткен ақын, халық жазушысы Мұхтар Шаханов туралы естелігін жазып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Композитор келінінің айтуынша, Мұхтар Шаханов –  Шәмші Қалдаяқовтың жақын досы әрі серігі болған.

«Мұхтар аға туралы айтар болсам, менің жұбайым оны бала кезінен жақсы білетін. Ақын олардың Ленин көшесіндегі пәтеріне жиі келіп тұратын. 1991 жылы ел көлемінде 60 жылдық мерейтойына арналған концерттер сериясынан кейін Шәмші Қалдаяқов қатты сырқаттанып қалған кезде, оны Алматыға үйіне ауыр халде жеткізген — дәл Мұхтар Шаханов еді. Ол Шәмшінің ең жақын досы әрі серігі болатын», - деп жазды композитордың келіні.

Ботагөз Қалдаяқова Мұхтар Шахановтың сегіз жыл бойы авторлық қоғамдардан бірде-бір тиын қаламақы алмағанын айтты. Айтуынша, Мұхтар аға өмірінің соңғы екі жылында болса да, өз мұрасының қорғалуы жолында әділдіктің бар екенін көріп кетті.

«Мен Мұхтар Шахановпен 2024 жылдың соңында таныстым. Сол кезде біз оның Шәмші Қалдаяқовпен бірлесіп жазған әндеріне қатысты авторлық құқықтарды қорғау ісінде біздің қор оның мүддесін қорғайды деп келістік. Мені қатты таңғалдырғаны — Мұхтар Шахановтың сегіз жыл бойы авторлық қоғамдардан бірде-бір тиын қаламақы алмағаны. «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының қажырлы еңбегінің арқасында біз Шахановтың сөзіне, Қалдаяқовтың әуеніне жазылған әндерді негізгі пайдаланушылардан әділ сыйақы төленуіне қол жеткіздік. Мұхтар аға өмірінің соңғы екі жылында болса да, өз мұрасының қорғалуы жолында әділдіктің бар екенін көріп кетті», - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар