Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтерінен босатылды.
Бұл туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты бейнежазбалар тараған болатын.