Алматыда жер сілкінісіне байланысты психологтар көмегіне жүгінуге болатын «сенім телефоны» ашылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Тіркелген жер сілкінісіне байланысты ТЖМ психологтарының қатысуымен «сенім телефоны»ашылды», – делінген ресми хабарлады.
Онда Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының нөмірі ( 8(7172) 704119) көрсетілген. Алматы облысы бойынша тұрғындар 8(727) 7226097 нөміріне хабарласа алады.