Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сені сүйемін, сүйемін деп жатты”: Күйеуі азаптап өлтірген келіншектің өлімі жайлы сұмдық дерек шықты

15:45, 07 желтоқсан 2025

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы басталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Іс бойынша куәгер, Айбар Жанболаттың көршісі Нұрсұлтан Ноғайбаев сотта берген жауабында Айзаттың денесінен көгерген іздерді байқағанын жеткізді. Ол ауруханаға дейін көлік айдап барған.

«Түнгі 23.00 шамасында көршім Айбар келді. Ол Айзат ауырып қалды, ауруханаға жеткізейікші деді. Менде көлік болды. Көмек сұраған соң бардым. Сұлусайға жақын қалған кезде көліктің дөңгелегі жарылды. Сол себепті сол ауылдағы үйіне бардық. Сол жерден Айбардың өздерінің көлігіне отырғызып, Жансүгіров ауылына тарттық. Сол ауылдың ауруханасына барсақ, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Сол жақта біраз уақыт жүріп қалдық. Сол кезде Талдықорғандағы ауруханаға апарамыз деп шешім қабылдады», – дейді куәгер.

Nege.kz хабарлауынша, олар Айзатты Талдықорғандағы ауруханаға жеткізген. Көліктен Айзатты көршісі Нұрсұлтан алып шыққан. Сол кезде ол Айзаттың бетінен көгерген іздерді байқаған.

Айбар Жанболаттың шаруашылығында сауыншы болып істеген Татьяна Чебатырёва сол күні ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалды естіп қалған. Айтуынша, жанжал 1 сағатқа созылған. 

«Сол күні әдеттегідей күн болды. Айзат күліп, әзіл айтып жүрді. Түскі ас дайындады, баласын қарап жүрді. Кешкісін екеуінің айқай-шуын естіп қалдым. Айзат: «Қойшы, мен сені сүйемін ғой. Сүйемін, сүйемін» деп жатты. Тақырлаған дауыстар естілді», – дейді куәгер.

Алайда ол отбасылық жанжалға араласпайын деп шешкен. Ұрсысып, сосын қоятын болар деп топшылаған. Сонымен қатар ол екеуінің бұрын жанжалдасып жатқанын естімеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар