Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның жаңа түскен келіні Асылы оқырмандарына маңызды үндеу жасады, деп жазады Alash.kz.
Жас отбасы әлеуметтік желіде өз атынан таралып жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге шақырып, халықты сақ болуға үндеді.
"Достар, маңызды ақпарат!
Соңғы уақытта біздің атымыздан (Қазбек пен Асылы) деп, бірнеше фейк парақшалар ашылып, жалған лотереялар жүргізіліп жатыр.
Біз ешқандай лотерея ұйымдастырып жатқан жоқпыз!
Сондықтан белгісіз парақшаларға сенбеңіздер, ешкімнің есепшотына ақша аудармаңыздар", - деп жазды Асылы.