Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сенаторлар қаңғыбас иттер туралы заң жобасын Мәжіліске қайтаруды ұсынды

11:23, 30 сәуір 2026

Заң жобасы жұмыс тобының 5 отырысында талқыланды. Оған қатысты қазақстандықтардан 300-ден астам өтініш түскен, деп жазады Alash.KZ.

Негізгі өзгерістер:

Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мерзімі мен тәртібін әр өңірдің мәслихаты өздері анықтайды. Яғни, бұрынғыдай жануарды панажайға түскеннен кейін 5 күн ішінде эвтаназия жасау туралы бірыңғай норма болмайды;

Заңнан «эвтаназия» терминін алып тастау ұсынылды;

Қаңғыбас жануар ретінде тек чиптің болуына емес, иесінің жоқтығына басымдық беріледі. Себебі шалғай ауылдарда жаппай чиптеу әлі толық мүмкін емес.

Барлық түзетулер салыстырмалы кестеге енгізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар