Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан жастар командасы күміс жүлде алды

05 ақпан 2024 192
Өткен демалыста Швейцарияда шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі мәресіне жетті.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, аталған сында Қазақстан жастар командасы финалға дейін жетті.

Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов үштігі ақтық сында Венгрия құрамасына есе жіберді.

Ал турнир барысында Польша, Швейцария мен Америка құрамаларынан басым түсті.

Фото: olympic.kz

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?