Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семейде әлеуметтік нысандар салынып жатыр

11:51, 08 желтоқсан 2023 236
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарлы түрде іске асып жатыр. Облыстағы оқушы орын тапшылығын шешу үшін 5700 орындық 11 мектеп салынады. Қазір 5 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала халқымен кездесуінде айтты.



Облыста берілген білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқушыларға арналған көпбейінді Оқушылар сарайын салуды жоспарланған. Сарай қаланың сол жағалауындағы мешіт жанындағы айналма жол бойында орналасады.



Президент тапсырмасына сәйкес биыл Шәкәрім университетінде «Shakarim High School» және Ә.Бөкейхан университетінде «Abay IT-School» мектептері ашылып, облыс жоғары оқу орындарына қосымша 500 арнаулы білім гранты бөлінді.

Денсаулық сақтау саласында 2025 жылға дейін 10,8 млрд теңгеге 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарланып отыр. Семей қаласында 5 медициналық нысан салу көзделген. Оның ішінде: 400 орындық көпсалалы аурухана, 300 орындық көпсалалы балалар ауруханасы, облыстық қан орталығы, сондай-ақ Семей қаласының оң жағалауы мен сол жағалауындағы емханалар. Сондай-ақ Қарағайлы ауданында жеке инвесторлар есебінен емхана мен нефрология орталығының құрылысы басталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи оңалту орталығының ашылуы осы санаттағы азаматтарға сапалы көмек пен қолдау көрсетудегі елеулі қадам болғанын айта кеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар