Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семейде Қазақстанның криминалды авторитеті Маймышевтың жерлеуі өтті (видео)

12:43, 15 қазан 2024 9159

Леха Семейлік (Айтқали Маймышев) денесі Ресейден Қазақстанға 13 қазанда жеткізілді. Жерлеу рәсімі 14 қазанда туған жері Семейде өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қылмыс әлемінің серкесі жерленген жерге адамдар «Өскемендік жігіттерден» және «Рубцовскіден» деген жазулары бар гүл шоқтарын әкелді. 

Қазақстанда төрт қылмыс серкесі болған: Серік Бас, Бондо, Самара және Лёха Маймыш. Маймышев қайтыс болғаннан кейін үшеуі қалды, олардың барлығы қазір түрмеде түрлі қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр.

Айта кетейік, Маймышев Карелиядағы қатаң тәртіптегі колонияда, Надвоицы ауылында өлі күйінде табылған болатын. Оның денесі асылып қалған күйде табылды. Бұған дейін ол денсаулығының күрт нашарлап кеткеніне шағымданған еді.

2023 жылы Леха Семейлік қылмыстық әлемдегі жоғары орынды иеленгені және есірткі сақтағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар