Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Семей орманында“ жалған дипломмен жұмыс істеген 5 маман ұсталды

10:33, 15 қараша 2024 190

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады, - деп хабарлайды Alash.KZ сайты Massaget.kz материалына сүйеніп.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар