Сүйінші сұрайтын ақпарат туралы саясаткер Заманбек Нұрқаділовқа берілген аста айтылды, деп хабарлайды alash.kz.
Заманбек Қалабайұлы 1944 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында өмірге келген. Тірі болғанда, 15 қаңтарда 80 жасқа толар еді.
Көпшілік саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға жиналды.
Асқа қатысқандар арасында Асанәлі Әшімов, Мұрат Әуезов, Зейнеп Ахметова, Нұрлан Оразалин, Амангелді Шабдарбаев, Рысбек Сәрсенбай, Болат Әбілов бар.
Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.
Ал қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бастаған қоғам қайраткерлері Заманбектің ескерткішін туған ауылы Кегенде ғана емес, Алматы қаласында орнату туралы ұсыныс айтты.