Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қолы мен аузын матап байлаған»: Өз ұлынан жалаңаяқ қашқан әйел елді шошытты (ВИДЕО)

16:12, 02 қазан 2026

Алматыда жалаңаяқ көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Видео авторының мәліметінше, әйелді өзінің туған ұлы үйде қамауда ұстап, қолы мен аузын бинтпен байлап тастаған. Зардап шегушінің сөзінше, бұған оның отбасылық мәселелерге араласуы себеп болған. Ол ұлы тарапынан өзіне күш көрсетілгенін жеткізді.

Оқиғаға куә болған ер адам жалаңаяқ жүрген әйелге су мен аяқ киім беріп, бірден полиция шақыртқан. Кейін оны келген тәртіп сақшыларына тапсырған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған жайт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім қызметкерлері арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы мен әйелдің денсаулық жағдайына қатысты ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Полиция өкілдері тергеу нәтижесі бойынша қосымша мәлімет берілетінін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар