Тамирлан Тілеулес Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақ таеквондошысы ретінде спорт тарихына енді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ерлер арасында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші бәсекесінде отандасымыз Тамирлан Тілеулес филиппиндік спортшы Курт Брайан Барбозамен шеберлік байқасты. Соңғы секундтарға дейін созылған шиеленісті әрі тартысты жекпе-жекте қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, жеңісті жұлып алды.