Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейстерді іске қосады

19:30, 02 қазан 2026

Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Alash.kz.

Air Astana Алматы мен Токио арасында тікелей рейстерді іске қосады: алғашқы рейс Алматыдан 2026 жылғы 30 қарашада, ал алғашқы қайтар рейс Токиодан 2026 жылғы 1 желтоқсанда ұшады.

"Жапониямен тікелей әуе қатынасын іске қосу негізгі басымдықтардың бірі және біздің мақсатымызды - Орталық Азия мен Кавказдың көлік торабы ретінде Қазақстанның көшбасшылығын нығайтуға ықпал етеді. 2026 жылы біздің 22-ші жаңа бағдарымызға айналған Токио - бизнес пен туризмнің жетекші әлемдік орталықтарының бірі және Airbus A321LR ұшақтарында жүзеге асырылатын жаңа әуе қатынасы Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға айтарлықтай серпіліс береді", - деп мәлімдеді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.



Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер бизнес және эконом-класс салондарымен жабдықталған Airbus A321LR ұшақтарымен Токио халықаралық әуежайына (Нарита) аптасына екі рет орындалады.

Рейстер кестесі (жергілікті уақыт бойынша, үкімет мақұлдаған жағдайда):

Алматы- Токио KC171 рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан 21:55-те ұшып, келесі күні 09:25-те Токиоға ұшып келеді.
Токио - Алматы KC172 рейсі сейсенбі және жұма күндері Токиодан 10:55-те ұшып, Алматыға 16:20-да ұшып келеді.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы - 7 сағат 30 минут, ал қайтарда - 9 сағат 25 минут.

Air Astana мен Japan Airlines арасындағы қазіргі серіктестік шеңберінде Токио (Нарита) мен Алматы арасындағы рейстер код-шеринг режимінде орындалады.

Екі жаққа билеттің ең төменгі құны (алымдардың барлығын қосқанда) эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады. Билеттерді airastana.com сайтында, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы және аккредиттелген туристік агенттіктерден брондауға болады.
Билеттерді airastana.com сайтында, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы және аккредиттелген туристік агенттіктерден брондауға болады.

Жапония азаматтары Қазақстанға визасыз 30 күнге дейiнгi мерзiмге келе алады. Қазақстан азаматтарына Жапонияға сапар үшін виза қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар