Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Саясаткер: Навальныйды Путин өлтіргеніне сенімдімін

08:59, 20 ақпан 2024 331
Ресей армиясы туралы «жалған ақпарат» таратты деген айыппен жазасын өтеп жатқан саясаткер Илья Яшин Алексей Навальныйдың өлімі туралы жазба жариялады.

Ол Навальныйдың өліміне Владимир Путинді кінәлайды.
«Мен кім өлтірді? деген сауалды қоймаймын. Оның Путин екеніне күмәнім жоқ. Ол әскери қылмыскер. Навальный оның Ресейдегі басты қарсыласы және Кремльдегі жеккөрушіліктің көзі болды. Путиннің мотиві де, мүмкіндігі де болды. Мен оның кісі өлтіруге тапсырыс бергеніне сенімдімін», – деп жазады Яшин.

Сондай-ақ, Яшин Борис Немцовтың өлтірілгенін де еске алды:
«Алексей Навальный менің досым болды. Борис Немцов та солай. Біз ортақ іс жасадық және өмірімізді Ресейді бейбіт, еркін және бақытты ету үшін арнадық. Қазір менің екі досым да қайтыс болды. Ішімде қара бостықты сеземін. Және, әрине, мен өз тәуекелдерімді түсінемін. Мен темір тордың ар жағындамын, менің өмірім Путиннің қолында және маған қауіп төніп тұр. Бірақ мен өз жолымды жалғастырамын», деді саясаткер. 

Фото: MIKHAIL TERESHCHENKO/TASS
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар